Жуанқұм – Алматы облысы Балқаш ауданында орналасқан құмды алқап.
Географиялық орны, жер бедері Құланбасы тауының солтүстік-батысында, Мойынқұм және Сарытауқұм құмдарының аралығында жатыр. Солтүстік-батысында Құмбасы құмды алқабымен шектеседі. Аумағында Сасық бұлағы, сонымен қатар Ақдала алқаптарын суғаратын коллекторлар орналасқан. Жер бедері түгелдей құм шағылдар мен төбешіктерден құралған. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы құмдары