Бахыт Бапышев (27 наурыз 1958, Алматы) — суретші.

Өмірбаяны 1979 жылы Алматы көркемсурет училищесін аяқтады, бірнеше жыл Мәскеуде тұрды. 1986-90 жылдары АМТИ –да оқыды. 1986 жылы Гамбург қаласында "Шлезвиг-Гольдштейн" жерінде Мәдениет министрлігінің стипендиясы бойынша барған. 1991-96 жылдары екі мәрте Париждегі "Сите-интернациналь дез Арт" стипендиааты болды. 1987 жылы Токиода алтын медальға ие болды. Әртүрлі кішкентай француз қалаларының мэрлерінен алған бірнеше алтын медальдары және сыйлықтары бар, сондай-ақ, Париж мэрінің сыйлығын алған. 1992 жылы Сорбонна университеті француз өркениеті курсына түсіп, 1993 жылы аяқтады. Одан соң сол университеттің француз әдебиетін оқып шықты. 1997 жыл Метризді бітірді. Сан-Дени, Пари-8 университетінің магистратурасында оқыды. Классикалық өнердің докторы. 1979 жылдан бастап көрмелерін ұсынуда. Соңғы жартыжылда Германияда тұрып, жұмыс істеді.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:27 наурызда туғандар Санат:1958 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан суретшілері