Борис Андреевич Матвиенко (10.8.1918 ж.т., Қарағанды облысы, Қарқаралы қ.) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1960), профессор (1963).

Өмірбаяны Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген (1937). 1937—39 ж. түрлі шаруашылықтарда мал дәрігері. 1945—78 ж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ғылыми-педагогикалық қызметтер атқарды. Қазіргі уақытта ветеринарлық биопрепараттар шығаратын “Сальвак” ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры.

Еңбектері Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты малдәрігерлік микробиология мәселелеріне арналған. Малдың (сальмонеллез) ауруына қарсы вакцина дайындап, өндіріске енгізді, малдың іш тастауы мен жас төлдің өкпе қабыну ауруларының себептерін анықтап, оған қарсы шаралар ұсынды.

70-ке жуық ғылыми еңбектің авторы, 3 авторлық куәлігі бар.

Марапаттары Шошқа қылауына қарсы вакцина тапқаны үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді (1972).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер База патентов Казахстана. Матвиенко Борис Андреевич

Санат:10 тамызда туғандар Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары Санат:Қазақстан микробиологтары Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары