Киікбай Тоғаны - ертедегі суару жүйесі. Жезқазған облысы Қаракеңгір өзенінің жоғарғы ағысында. “Қызыл-коммуна” ауылы жерінде орналасқан. Тоған 15 – 19 ғасырларда қазақтардың жер суару, егін салу кезінде салынған. Тоған жағасынан олардың қоныстары табылған. Киікбай Тоғанын 1946ж. Оңтүстік Қазақстан археологтялық экспедициясы (жетекшісі А.Марғұлан) зерттеген.
Дереккөздер
Маргулан А.Х.,Археологические памятники в долине реки Кенгир// “Вестник АН Каз ССР”, 1947.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Санат:Тарих