Корженевский – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Шілік өзені алабындағы Оңтүстік Есік өзені бастауында. Мұздық белгілі орыс географы Н.Л. Корженевскийдің есімімен аталады.

Аумағы Ұзындығы 11,7 км, жалпы ауданы 38,0 км2, көлемі 6,3 км3. Корженевский мұздығындағы қар жиегі 3950 м биіктікте, ал мұздық тілі жылжып 3270 м-ге дейін төмендеді. Мұздықтың орташа қалыңдығы 160 м-дей (ең қалың жері 300 м). Корженевский мұздығы жылдан-жылға еріп азаюда.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы мұздықтары Санат:Іле Алатауы