Марин Ле Пен (; шын аты — Марион Анн Перрин Ле Пен (); 1968 жылдың 5 тамыз айында туған) — Францияның мемлекет саясаткері. Атақты ұлтшыл-саясаткер Жан Мари Ле Пеннің қызы болып келеді.
Париж II Пантеон-Ассас Университетін заң магистрі дәрежесімен бітіріп, адвокат қызметін атқарды. 1986 жылы Ұлттық фронт қатарына қосылды.
2003 жылдан Ұлттық фронт вице-президенті қызметін атқара бастады.frontnational.com: Le Bureau Exécutif 2004 жылы Еуропа парламентінің депутаты болып сайланды. (2009 жылы қайта сайланды.) Сонымен қатар 2010 жылдың наурыз айынан бастап, Марин Ле Пен, Нор — Па-де-Кале аймақтық кеңесінің мүшесі және 2008 жылдан бастап, Хенин-Бомонс (Па-де-Кале) муниципалдық кеңесінің мүшесі болып келеді. 2011 жылдың қаңтар айында, 38 жыл бойы Ұлттық фронтты басқарып келген әкесін, Жан Мари Ле Пенді, алмастырды..
Ұлттық фронт атынан 2012 жылғы Францияның президенттік сайлауының кандидаты болған. France Soir газетінің тапсырысымен Ifop агенттігінің және «Le Parisien» газетінің тапсырысымен Харрис институтының социологиялық сауалдамаларының пайымдауынша, 2012 жылдың президенттік сайлауының бірінші турында Марин Ле Пен үшін француздардың 20%-дан 23%-ға дейін дауыс берулерін әзір екенін көрсеткеннен кейін, Марин Ле Пен Францияның ең әйгілі саясаткерлердің үштігіне көтерілді.. // The New Times, 07.03.2011 Натоның Ливиядағы басқыншылығына наразылық білдіріп, Натодан шығу және Ресеймен бірігудің көзқарасын ұстанатын саясаткердің бірі. 13.10.2011 Түсініктемелер
Сыртқы сілтемелер
Еуропалық парламент
Санат:Франция саясаткерлері Санат:1968 жылы туғандар Санат:Франция саясаты