Кран () — Құбыр краны – құбырдағы сұйық заттың немесе газдың ағуына жол ашатын немесе жабатын тетік Машинист краны – пойыздың (трамвайдың) автоматты тежегішін қолдан басқаруға арналған құрылғы; Жүк көтергіш кран - Жүк, әртүрлі заттарды көтеруге арналған кран; Авариялық тежеу босататын кран - серіппелі-пневматикалық камералардың, баллондарынан сығылған ауаны көліктің бұзылған тежеуіш контурының доңғалақ тежеуіштеріне беретін кран. Автомобиль краны - сериялық автомобильдердің шассиіне немесе доңғалақты өздігінен жүретін арнайы шассиіне қоңдырылған бұрылмалы жобалы кранды арнайы автомобиль. Тіркеменің краны - автомобиль-сүйреткіште қондырылған, тежеуіш кран немесе тежеуіш крандағы бөлік; тіркеменің (немесе жартылай тіркеменің) тежеуіштерін басқару қалпақшасы арқылы тіркеменің (немесе жартылай тіркеменің) тежеуіш камераларына сығылған ауаның берілуін басқарады. Тұрақты тежеуіш кран - серіппелі-пневматикалық камералардан сығылған ауаны шығару үшін және осы камералардағы серіппелерді жұмыс атқаруға кіргізуші тежеуіш кран. Бір секциялы тежеуіш кран - бір секциядан тұратын тежеуіш кран, тежеуіш камераларға сығылған ауаның берілуін басқарады автопойыз құрамында пайдалануға арналмаған автомобильдерде қондырылады.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Кран · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.