Қалмаққырылған, Белеуітті, Білеу – Шалқартеңіз алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 325 км, су жиналатын алабы 10,1 мың км².

Бастауы Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Қарамола тауының оңтүстігінен басталып, Ботамола бейітінің оңтүстік-шығысында 5,2 км жерде, Нарөлген ауылынан 5 км, Шұбартеңіз сайы (бұрынғы көлге) 28 км жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы Жылдық орташа су ағымы 1,05 м³/с. Аңғары кең (0,5 – 4 км), бүйірлік жырауылысайлармен тілімденген, жоғарғы ағысында жағалау беткейлері тік, биіктігі 10 – 40 м. Төменгі ағысының жағалауы жайпақ. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Су ағыны көктемде болып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қалмаққырылғанға ұзындығы 10-нан 48 км-ге жететін көптеген салалар құяды. Оң салалары: Шауыпкелсай, Алшынбайсай, Керегетассай, Күнтоғай, Сарыбұлақ, Аманжолсай, Дүйсембай, Шолақсай, Жиде, Бозінген; сол салалары: Қарсақпай, Талсай, Қаратөбесай, Ащылысай, Ақкиіксай, Тұрған, т.б. Алабы – мал жайылымы, жайылмасы шабындық ретінде пайдаланылады. 1723 жылы осы өзеннің бойында қазақ сарбаздары қалмақтарды ойсырата жеңгеннен кейін бұрынғы Белеуітті өзен сол жеңістің құрметіне Қалмаққырылған болып аталған.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлімҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы