Қараша-1 – көне қорым, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері Жамбыл ауданы, Ақшолақ бекетінен оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде.

Сипаты Қараша-1 қорымы 95 обадан тұрады. Қорым ежелгі үйсіндердің (усундер) тұрмыстық мәдениетінен, дүниетанымынан мол хабар береді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері