Қарқаралы сыртқы округі (Қарқаралы дуаны) – 1824 жылдан Батыс Сібір қазақтары шекара басқармасының әкімшілік бөліктерінің бірі. Жер аумағы 2,728 мың км². Халқы 59744 адам (1862 ). Әкімш. жағынан 18 болысқа, 147 ауылға бөлінді, 16 пошта бекеті болды. 1868 ж. Қ. о. Семей облысы

Құрылуы XVIII ғасырдан, әсіресе, осы ғасырдын ортасынан басталған саяси оқиғалардың негізі — Қазақстанға деген Ресей протекторатынын орнығуы мен бекуі болды. Мұның ішінде, протектораттың бағындыруға негізделген элементтері бар формасы орнықты. XVIII-ғ. мен XIX-ғ. ғасырдың басындағы Қазақстан мен Ресей арасындагы қарым-қатынастың осы түрі Қазақстанды Ресейге бағындыруға әкелген көпір болып саналады.

Кейінірек, "Уақытша Ереженің қабылдануымен", қазақтарға жалпыресейлік заңдардың таралуымен, басқарудың жаңа жуйелері және ортақ салық жуйесінің енгізіліуімен, 1860-жылдардан Ресей бодандығына ену кезеңі басталады.

Протекторат кезеңінде қазақтарды империялық билікке толық бағындыруға бағытталған аса маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық, әскери-стратегиялық сипаты бар шаралар бірте-бірте, сатылай жүргізілді. Патшалық әкімшіліктің Орынбор мен Сібірдегі отаршылдық мекемелері арқылы жүргізген хандық билікті әлсірете отырып, кейін оны жоюға бағытталған жоспары алдымен қазақ жерлерінің әкімшілік-аумақтық тұрғыдан өзгерулеріне әкелді.

Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан (Орта жүз) үшін бұл өзгерістер Сібір мекемесіне қаратылған сыртқы округтердің ашылуы түрінде жузеге асырылды.

Хандық биліктін жойылуы оның алғы шарттары болып саналатын осы институттын беделі мен мәнін түсіруге бағытталған сан алуан шаралардан құралған бірнеше жылғы іс-шара еді. Хандар ресми бекітілуі керек болды, беделі төмен, қабілетсіз, айтқанмен жүретін хандар сайланды, ақылды, күшті хандар жоққа шығарылды, бағынбайтын, дербес хандар биліктен аластатылған сияқты т.б. қитұрқылықтар қолданылды.

Мұндай іс-шаралардың қатарында қазақтың жекелеген билік басындағылар арасындағы бәсекелестікті қыздыра түсу, билік үшін ішкі саяси күрес туралы жалған көзқарас туғызу, бір өлкеден бекітілетін хандардың санын жасанды жолмен көбейту сияқты тәсілдер де болды.

1822 жылы Александр I жарлығымен Орта жүздегі хандық билік жойылады.

1822 жылы, ұзақ дайындықтан кейін, Орта жүз аумағын басқарудың жаңа ережесін белгілеп, айқындайтын ерекше құжат — "Сібір қазақтары туралы Жаргы" қабылданды.

1822 жылдың 22 шілдесімен белгіленген "Жарғының" өзі 10 тараудан құралатын көлемді құжат болды. Онда барлығы 319 тармақ бар.

Мұндағы 1-тармақтың кіріспесі "Сібір қазақтары көшпелі бұратаналар табына жатқызылады және олармен тең құқылы" және "Сібір қазақтарының мекені Омбы облысының сыртқы округтерінен құралады" дегеннен басталады. Құжатты жасаушылар, әсіресе 19 ғасырдың белгілі ресейлік қайраткері М.Сперанский мен әріптестері "Жарғы" әрекеттерімен жаңа қабылданған халық өмірінің сан алуан қырларын мейлінше жан-жақты қамтуға тырысады.

Жарғы басында округтік приказдар тұратын сыртқы округтердің құрылуын негіздеді. Округтегі басқарма мен сот ісін облыс басшысы тағайындайтын аға сұлтанның екі орыс қазысының "құрметті қазақтардан"билер мен старшындар сайлайтын тағы екі қазының, басқа шенеуніктердің қатысуымен округтік приказ жүзеге асырды. Округтік приказдың канцелияриясы мен аудармашылары болды. Округ болыстық басқармасы бар болыстардан, болыстар старшиналар басқаратын ауылдардан құралды.

Сөйтіп, округ—болыс—ауыл деген жаңа әкімшілік-аумақтық үштік жүйе енгізілді. І-тараудың 5,7 тармақтарында олар төмендегіше белгіленді: ауыл 50-70 түтіннен, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды.

Округтер ашылмас бұрын-ақ Жарғы қазақ тіліне аударылып, алыс ауылдардағы танымал адамдарға таратылған. Бөкей мен Уәли хандардың иелігіндегі Қарқаралы мен Көкшетау өңірлеріне ерекше мән беріліп, осы өлкелерде алғашқы сыртқы округтерді ашу көзделді.

Алғашқы сыртқы округ Қарқаралы 1924 жылдың 8 сәуірінде ашылды. Онда шамамен 20 мың отбасы бар еді. Тұрғындар саны мөлшері 60 мыңдай ер адам бар деген есеп бойынша жүргізілді.

Округ әлдеқашан құрылған, шенеуніктердің барлық құрамы жұмыс істеп тұрған Қарқаралы қонысында приказ орнатылған болса да, Қарқаралы округін ашу туралы жарлық біраз уақыт өткен соң, яғни 1824 жылдың 24 шілдесінде ғана бекітілді.

Омбы әкімшілігінің талпыныстары нәтижесінде Орта жүз қазақтарының ішінде ашылған мекемелердің қатарында Қарқаралы приказы алғашқысы болды. 21 күн өткеннен кейін 1824 жылдың 29 көкегінде екінші — Көкшетау приказы ашылады. «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша жалпы 8 округ ашылуы тиіс болатын.

Ашылу уақыты бойынша ең соңғысы, осы тізімге енбей қалғаны — 1844 жылы ашылған Көкпекті округі болды.

Қаркаралы округі Сібір басқарылуындағы барлық 8 округтін ішіндегі ең үлкені болды. Ашылу кезінде округте шамамен 20 мың түтін және барлығы 60 мыңдай тұрғын бар деп есептеу қалыптасқан.

Осы мәліметке Красовскийдің де жазғаны жуық келіп, ол: жаңа ашылған Қарқаралы округінде «18 болыс, 147 ауыл, 18 320 түтін» болған дейді. Тұрғындар саны өсіп отырғаны байқалады. 1850-жылдары П.Кеппен мәліметі бойынша мұнда 146 655 адам тұрса, XIX ғасырдың соңында (Ресей империясы тұрғындарының бірінші жаппай санағының мәліметі бойынша) уез аумағында 171 655 адам тұрып, оның 169 656 қазақ болған.

Қарқаралы және Көкшетау округтерінен кейін 7 жыл бойы. 1831 жылға дейін жаңа округ ашылмады. Осы екі округ орналасу мен іс жүргізілу мәселелерінде алғашқы қиындықтарды бастан кешті.

Қарқаралы округіндегі болыстардың негізгі де тұрақты құрамы 1830-жылдарға таман қалыптасты. 1841-жылдың қазан-қарашасындағы жағдай бойынша округ төмендегі 17 болыстан құралды:

Негізінен Қарқаралы сыртқы округінің құрамын 17-18 болыс құрап отырған.

Округ 1840-жылдардың соңына қарай бір жобаға келіп, негізгі үш бекеттік желі (бекет жолдары) тартылады: Баянауыл арқылы Омбыға өтетін ең алғашқы желі; Қу, Едірей арқылы Омбыға баратын - жаңа (қосымша) желі; Қарқаралы — Ақмола желісі. 1840-жылдары «онша маңызды емес құжаттарды таситын» пошташы қазақтар пайда болады.

1860-жылдары уез ашылған соң, Қарқаралыны Семеймен жалғастырған атақты Майлығара трактысы пайда болады.

XIX-ғ. аяғы мен XX-ғ. басында (төңкеріске дейін) уезге жалпы саны 22 болыс қарады.

Қарқаралы уезінде 19-ғ. соңына қарай барша Қазақстан жеріне тән күрделі әлеуметтік-экономикалық, т. б. үдерістер мен өзгерістер орын алды. Қазақ дәстүрлі шаруашылығы мен қауымы өзгерістерге түсті, сауда, кәсіпшілік, өндірістік бағыттар өрістеді, Қарқаралы қаласы саяси оқиғалардың орталығы сипатын ала бастады, қырдағы қалың қазақтың нағыз жанашырлары — қазақ зиялылары қалыптасты.История Казахстана с древнейших времен до наших дней. А., - 2000, Т.3. Қазылары шекшек Жаманбай Нұралыұлы 1824-1831 көшім Бекше Шортандайұлы Жолшара Анайұлы 1849-1851 қазыбек Алшынбай Тіленшіұлы 1852-1854 Жолшара Анайұлы 1855-1857, 1858-1860, 1860-1862 сарым Жанғұтты Ботантайұлы 1857-1858 Шыныбай Танашұлы 1861-1863 нұрбике Мұсатай Тәттімбетұлы 1863-1866 жаманқара Майлыбай Байғұттыұлы 1866-1869

Әкімшілік бөліні 1824 жылы 4 шор болысы болды: Шор, Қара-Әйтімбет-Шор, Шашты-Дүйсембай-Шор, Әлтөбет. №Қарқаралы сыртқы округі болыстарының атауыБолыс басшысыКиіз үй саны 1Қара-Әйтімбет болысы сұлтан Тәуке Бөкеев 14 шілде 1824 жылдан бастап бастап713 үй 2Қарауыл болысы сұлтан Әбілғазы Бөкеев 14 шілде 1824 жылдан бастап бастап240 үй 3Әлтеке-Сарым болысы сұлтан майор Ғазы Бөкеев 14 шілде 1824 жылдан бастап 1048 үй 4Әлтөбет болысы сұлтан Әбілмәмбет Бөкеев 14 шілде 1824 жылдан бастап493 үй 5Кәрсен-Керней болысысұлтан Құдайменді Ғазин 14 шілде 1824 жылдан бастап1081 үй 6Көшім болысы 3 ру тіркелгенсұлтан Қуғадай Маманов 31 января 1825 жылдан бастап460 үй 7Тарақты болысы құрамында 4 русұлтан Урмак Әбітеев 29 қазан 1826 жылдан бастап790 үй 8Қояншытағай болысы 3 русұлтан Шаңқай Ішімов 26 қараша 1826 жылдан бастап544 үй 9Дүйенбай-Шекшек болысы сұлтан Жолды Шыңғысов 26 қараша 1826 жылдан бастап798 үй 10Керей болысы сұлтан Жәңгір Шыңғысов 2 қазан 1826 жылдан бастап1045 үй 11Жалықбас болысы 3 русұлтан Рүтем Батырев 19 қыркүйек 1831 жылдан бастап1021 үй 12Шаншар болысы 16 рутаршины порутчик Алшынбай Тіленшин мен Қазанғап Мучакин, бірақ басшылар мақұлдамады.3044 үй 13Байбөрі болысы 11 ру сұлтан Ағадай Маманов, бірақ басшылар мақұлдамады.1823 үй 14Қамбар болысы 4 бөлімшебұл болысты басқарушы сайланбады 490 үй 15Қырғыз болысы 4 русұлтан Батыр Бөкеев 14 шілде 1824 жылдан бастап752 үй 16Тобықты болысы 9 русұлтан Бірәлі Тоқов, бірақ басшылар мақұлдамады.2978 үй 17Төлеңгіт болысы 3 русұлтан Мұрат Болатханов 26 қараша 1826 жылдан бастап 857 үй 18Дадан-Тобықты болысы 3 русұлтан Датанбек Көшімов 19 желтоқсан 1831 жылдан бастап931 үй 19Бура-найман болысы 5 русұлтан Әли Көкшалов 9 қараша 1826 жылдан бастап1215 үй 20Алысай болысы 4 русұлтан Арслан Бөленев, бірақ басшылар мақұлдамады.781 үй

1851-1855 Қарқаралы округі тұрғындары, ауылдарының саны (1851-1855 жылдарғы деректер бойынша) Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы: Атамұра, 2000. – 287 бет. №№ болыстар ауылдар шаңарықтар ерлер әйелдер барлығы 1 Дүйсенбай-Шақшақ 13 798 2394 3192 5586 2 Қара Әйтімбет 11 713 2139 2852 4991 3 Қарауыл 4 240 720 960 1680 4 Дадан тобықты 16 931 2793 3274 6067 5 Тарақты 9 590 1170 2326 4096 6 Көшім 8 460 1380 1840 3220 7 Жалықбас 19 1021 3063 4084 7147 8 Байбөрі 28 1823 5469 7292 12761 9 Айбике-Шаншар 31 1761 5283 7044 12327 10 Нұрбике-Шаншар 22 1273 3819 5092 8911 11 Қарсен-Керней 18 1081 3243 4324 7567 12 Әлтеке-Сарым 15 1048 3144 4192 7336 13 Қояншытағай 11 544 1632 2176 3808 14 Тобықты 50 2978 7934 11912 10846 15 Алысай 14 781 2343 3124 5467 16 Қамбар 10 490 1470 1960 3430 Барлығы: 279 16532 49696 65644 115240

Дереккөздер

Санат:Қазақстан тарихи облыстары