Газданған қазба — кен қазбаларында кеніш газдарының (метанның, көмір қышқыл газынын, өлі ауаның және басқалардың) көмір және сланец шахталарына арналған қауіпсіздік ережелерінде белгіленген нормадан жоғары болуы. Газданған қазба ауа алмасуының жеткіліксіз болуынан, желдету жүйесінің бұзылуынан немесе жарықшақтардың шпур мен ұңғылар жарықшақтармен түйісуінен газдардың көп шығуы нәтижесінен болады. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 . Дереккөздер
Санат: Физика Санат: Терминология Санат: Металлургия Санат: Тау-кен ісі Санат: Химия