Қасиманов Садық (12.3. 1905, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы – 6.2.1977, Алматы) – педагог, этнолог, ақын.
1938 жылы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1939 – 60 жылдары мектептерде мұғалім болды. 1960 – 71 жылдары Қазақстан ғылым академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
Қасиманов қазақ этнологиясын (қолөнер, ас-тағам, ұлттық ойын, т.б.) зерттеуге көп үлес қосты. Оның “Өс-өс, бөбек” (1961) “Сиқырлы сыбызғы” (1961) “Қазақ халқының қолөнері” (1962; 2-бас., 1969; 3-бас., 1995) “Қазақтың ұлттық ойындары” (1963, телавтор) “Қазақтың ұлттық тағамдары” (1977) сынды еңбектері қазақ халқының тұрмыстық және рухани мәдениетінен молынан мәлімет береді.
Бұл еңбектерде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қажетті үй-жай салу, киім-кешек тігу, азық-түлік дайындау, әсем бұйымдар жасау кәсіптері айтылып, олардың халықтың қоғамдық тарихымен байланысы ашып көрсетілді.Қазақ энциклопедиясыҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер