Қызыл алтын кен орны – Жетісу облысы Ақсу ауданы Қапал ауылынан солтүстікке қарай 8 км жерде.

Геологиялық құрылымы Кен орны кварцты құмтастар мен орта девон тақтатастарының қабатшаларымен жабылып, дайкалармен жанышталған.

Жатыс сипаты Кендену сатысының ұзындығы 270 м, созылымы субмеридианды бағытта (қалыңдығы 4,7 м, ұз 8-ден 36 м-ге дейін жететін алты кварц-желілі денелер орталығы бөлікшеге кіріктірілген).

Құрамы Кендердің құрамында халькопирит, пирит, алтын, галенит, кварц, малахит, ярозит, темір мен марганецтің гидрототықтары бар. Мұндағы сомтума алтынның мөлшері 0,05-0,4 мм, кен білінімдерде алтын 19,8 г/т, күміс 0,1-149 г/т, ал мыс 3,6%, қорғасын 2,8%. Қызыл алтын кен орны есептелген қоры бойынша ұсақ кен орындарының қатарына кіреді. Оның жоғары бөлігі ашық әдіспен игерілген.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том

Дереккөздер

Санат:Жетісу облысы кен орындары Санат:Қазақстан алтын кен орындары