Қызылсай — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Қызылсай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Жаңаөзен қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Маңғыстау үстіртінің шығыс жағында орналасқан.

Халқы 1970 1979 1989 1999 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 4775 4250 2764 3386 4994 5803

Тарихы Іргесі 1963 жылы Маңғыстау облысындағы Өзен мұнай-газ кенін игеруге байланысты қаланды. 1997 жылға дейін «Өзен» деп аталып келді. Қызылсай облыстағы ең ірі мұнай-газ өндіру орталықтарының бірі. Мұнда өндірілген мұнай мен газ Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ-мұнай өңдеу зауытына жіберіледі.

Өнеркәсібі және инфрақұрылымы Өзен кенінен мұнай мен газ 1965 жылдан бастап өндіріле бастады. 1965–69 және 1974–78 жылдары Қызылсайды Ресейдің Самара қаласымен қосатын ұзындығы 1232 км, Жетібай кентімен және Ақтау қаласымен қосатын ұзындығы 141 км магистральды мұнай құбырлары салынып, іске қосылған. Қызылсайда орта мектеп, кітапхана, аурухана, клуб, цифрлі АТС, тағы басқалар бар. Тұрғындар газ және электрмен толықтай қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы 2016 жылға қарай ауылда 4 шаруа қожалығы тіркелген. Ауыл бойынша мал саны – 2457 бас (мүйізді ірі қара- 61 бас, мүйізді ұсақ малдар - 1122 бас, жылқы- 320 бас, түйе - 494 бас, құс - 460).

Дереккөздер

Санат:Жаңаөзен қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері