Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі XX ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті. Қазақстан аймақтарының өнеркәсіптің дамуына қосқан занды үлесі болып табылатын республиканың жекелеген кәсіпорындарын зерттеп білу осы проблемаға қатысты тарихнаманың сипатты белгісі болып табылады Яркое В.Н. Риддерское месторождение. 1934; Обленский и Березкий (без иниц.) Прибалхашстрой. М. — А.-А., 1935; Чимкентский свинцовый завод// Наука и техника. 1935, №20; Завадский Н. Угли Южного Казахстана. А.-А. 1935; Трофимов П. Караганда. А.-А. 1935 и др.; Хрущев Ф.Я. От промысла к индустрии. А.-А.;М., 1935.
30-жылдардың сонына қарай бұл проблема жөніндегі жұмыстар саны артты, дегенмен ірі монографиялық зерттеулер әлі шыға қоймаған болатын. Ғылыми жұмыстардын негізгі түрін — құнды деректерге сүйене жазылған мақалалар құрады Енукидзе Д.Е. Социалистическая индустрия Казахстана. А., 1941; Турксиб. Сб. статей, 1940; Тимофеев Н., Брайнин С. Казахская краевая организация ВКП (б) в борьбе за социалистическую индустриализацию страны и советизацию аула (1926-1929 жж.); Солардікі. Коммунистическая партия (большевиков) Казахстана в борьбе за завершение строительства социалистического общества и проведение в жизнь новой Конституции // Большевик Казахстана. 1938; №12, 6; Двадцатилетие КазССР. А.-А., 1940; 20 лет Казахской ССР (1920-1940), А.-А., 1940; Казахская ССР (Политико-экономический очерк), А.-А., 1940.
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) Қазақстанға қоныс аударған белгілі ғалымдар Д.А. Баевский, С.В. Бахрушин, М.П. Вяткин, Н.М. Дружинин, М.П. Ким, М. Панкратова, А.П. Кучкин, С.В. Юшковтар тарих пен экономиканың өзекті проблемаларын зерттеуде, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Олардың тікелей қатысуымен 1943 жылы «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақ КСР тарихы» деп аталатын іргелі еңбек дүниеге келді. Кәсіби тарихшылар катарының аздығына қарамастан, соғыстың соңына қарай Қазақстандағы социализмнің экономикалық негізін жасау проблемасы бойынша зерттеулер санынын өсу үрдісі айқын байқалды Кийкбаев Н.К. История социалистической индустриализации Казахстана в годы первой сталинской пятилетки. А.-А., 1940; Баишев С. Б. Социалистическая индустриа-лизация Казахстана. А.-А., 1949; Краткий очерк истории КП(б) Казахстана. Проект. Труды. А.-А., 1949.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары аталған проблема бойынша зерттеулер саны өсе түсті, бұл ретте тарихшы-ғалымдар мен қоғамтанушылар республиканың индустриялық өзгерістер кезеңіндегі дамуының жалпы зандылықтары мен ұлттық ерекшеліктерін зерттеуге көңіл аударды. Осы кезең әдебиетіндегі жаңа нақты-тарихи материалдар негізінде «Қазақстанның халық шаруашылығы бүкіл Кеңес Одағы халық шаруашылығының жалпы дамуымен органикалық байланыста, соның негізінде және оның көмегімен дамып, алға жылжи алды» Кийкбаев Н.К. Көрсет. енбегі, 97-6.; Баишев С.Б. Көрсет. еңбегі, 11-13 6.; Кийкбаев Н.К. Промышленность Казахстана в первой пятилетке. А.-А. 1951; Соныкі. Расцвет социалистической промышленности в Казахстане. А.-А., 1955; Дахшлейгер Г.Ф. Турксиб — первенец социалистической индустриализации. А.-А., 1953; Нейштадт С.А. Социалистические преобразования экономики Казахской ССР в 1917—1937 жж. А.-А., 1956; Алампиев П.М. Ликвидация экономического неравенства народов Советского Востока и социалистическое размещение промышленности (исторический опыт Казахской ССР). М„ 1958. деген тұжырымға келді.
XX ғасырдың 60—70-жылдарына қарай, ең алдымен А.Н. Нүсіпбековтің, С.Б. Бәйішевтің, С.А. Нейштадттың, Б.Н. Әбішеваның, М.Х. Асылбековтің, Н.Г. Панның, С.Б. Нұрмұхамедовтің, В.К. Савоськоның, Р.Б. Сүлейменовтің, А.Е. Ержановтың және басқалардың монографиялық зерттеулерімен байланысты экономиканы, республика өнеркәсібінің даму тарихын зерттеу проблематикасының ауқымы айтарлықтай кеңейді. Жекелеген фабрикалар мен зауыттардың тарихын зерттеумен бір мезгілде, ғалымдар жұмысшы кадрлардың, оның ішінде ұлттық кадрлардың қалыптасу мәселесіне көңіл аударды.
Бұл ретте академик А.Н. Нүсіпбековтің «Қазақстандағы кеңестік жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуы» (А., 1966) атты іргелі монографиясын және ғалымның басқа да зерттеулерін ерекше атап өтуге болады, бұл еңбектерде XX ғасырдың 20-40-жылдарында республикадағы кәсіби жұмысшыларды дайындау үрдісі отандық тарихнамада алғаш рет егжей-тегжелі сараланды. Республика жұмысшы табының тарихы «Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі» (А., 1963, 1967); «Қазақстан Компартиясы тарихының очерктері» (А., 1963) тәрізді іргелі еңбектерде көрініс тапты. Аталмыш проблемаға арналған жұмыстардың ішінде М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмүхамедов, Н.Г. Панның «Қазақстандағы жұмысшы табы индустриялық кадрларының өсуі (1946—1965 жылдар)» Асылбеков М.Х., Нұрмұхамедов СБ., Пан Н.Г. Көрсет. еңбегі, А.-А., 1976.деп аталатын ұжымдық монографиясын айтуға болады. Сондай-ақ М.Х. Асылбековтің теміржол көлігі кадрларын, оның ішінде ұлттық кадрларды дайындау үрдісі алғаш рет талданған «Қазақстан теміржолшы кадрларының қалыптасуы мен дамуы (1917-1970)» (А., 1973) деген монографиялық зерттеуін айта кету керек.
Жоғарыда аталған жұмыстардың жарық көруі зерттеу аясы мәселесінің тарихнамасын елеулі түрде байытты. Оларда республика жұмысшыларының құрамында болған сандық және сапалық өзгерістер көрсетілген. Бұл ретте өнеркәсіпте, құрылыста және көлік қатынасы саласында жұмыс істейтін нақты индустрия жұмысшыларына ерекше назар аударылды. Республика жұмысшы табының жекелеген отрядтарының қалыптасуы мен дамуы, оның мәдени техникалық деңгейі тақырыбын зерттеу дағдылы іске айналды. Социалистік жарысты ұйымдастыру, жұмысшылардың еңбекке деген құлшынысына арналған көріністер сол жылдар зерттеулерінен көрнекті орын алды Асылбеков М.Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917 — 1970 жж.) А.-А., 1973; Романов Ю.И. Осуществление ленинских идей электрификации в Казахстане. А.-А., 1977; Абишева Б.И. Рост культурно-технического уровня рабочих угольной промышленности (1946—1963 жж.). А.-А., 1965; Сармурзин А. Г. Партийное руководство движением за коммунистический труд в Казахстане (1958-1963 жж.). А.-А., 1964; Курманбаев А.Р. Ленинские традиции развития социалистического соревнования в Казахстане. А.-А., 1972; Жанайдаров У.А. Социалистическое соревнование в условиях хозяйственной реформы. А.-А., 1971: Ишмухамедов А. Рабочий класс и научно-техническая интеллигенция. А.-А., 1977, Вострое В.В., Кауанова Х.А. Материальная культура казахского народа на современном этапе. А.-А., 1972; Кожамкулов Т. Подготовка квалифицированных рабочих кадров в Казахстане. А.-А., 1972; Михайлов Ф.П. Совхозное строительство в Казахстане (1946-1970 жж.) А.-А., 1973 және басқалар.
Авторлар ұжымының «Лениндік идея туы астында (Қазақстандағы пролетарлық революция мен социализмның жеңісі жолындағы күреске партиялықбасшылықтың тәжірибесінен)». (А., 1973); «Капитализмге соқпай социализмге апарар жол (1917-1937 жылдары Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген социализм кұрылысы мәселесі бойынша КОКП-ның тарихи тәжірибесі)» (М., 1974) деп аталған еңбектері Қазақстандағы социалистік құрылыс проблемасыныңтарихнамасында үлкен рөл атқарды. Оларда 1926—1937 жылдары республикада жүргізілген социалистік құрылысқа басшылық жөнінде айтарлықтай нақты-тарихи материал қамтылған. 1987—1988 жылдары академик М.Х. Асылбековтің жетекшілігімен жарық көрген авторлар ұжымының «Кеңестік Қазақстан жұмысшы табының тарихы» деп аталатын 2 томдық еңбегінде бай фактілік материалдар негізінде Қазақстандағы өнеркәсіп құрылысы мен жұмысшы кадрлардың қалыптасу үрдісі кешенді түрде зерттелінді. С.К. Жақыпбековтің «Жеңіл индустрия тарихы» (А., 1984) монографиясында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің даму тарихы қарастырылды.
Алайда, айта кету керек, аталған проблема бойынша тарихи білімнің қордалану үрдісі Компартияның идеялық-саяси басшылығымен тікелей байланысты болды, сондықтан Қазақстан өнеркәсібі дамуының тарихы, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы айқын белгіленген партиялық нұсқаулар тұрғысынан қарастырылды. Тарихнамалық еңбектерде «зерттеушілердің негізгі міндеті партияның өсіп келе жатқан басшылық және бағыттаушылық рөлін көрсетуде, КОКП-ның лениндік ұлтсаясатын бұрмалаушы буржуазиялық жалған сыншыларға соққы беруде» Дахшлейгер Г.Ф. Историография Советского Казахстана. А.-А., 1969; Турсунбаев А. Б. Актуальные проблемы историографии истории партийного руководства социалистическим преобразованием сельского хозяйства Казахстана. — Мына кіт.: Великий Октябрь - главное событие XX в. А.-А., 1981; Тулепбаев Б.А., Козыбаев М.К., Дахшлейгер Г.Ф. Некоторые итоги и актуальные проблемы изучения истории Казахстана. — Мына кіт:. Вопросы историографии Казахстана. А.-А., 1983 және басқалар.екендігі атап айтылды.
Сол кездегі зерттеулердің тұғырнамалық көзқарастары мен бағыттарын неғұрлым толық бейнелейтін тарихи-партиялық жұмыстар аталмыш проблема бойынша кеңестік кезеңдегі жүмыстардың негізгі шоғырын құрағандығы кездейсоқ емес. Деректемелік негіздің кеңеюі проблеманы зерттеудің дерекнамалық жағын байытты, алайда үстем идеологияның қатаң шектеуі оқиғалар мен құбылыстарға объективті талдау жасауға мүмкіндік бермеді.
Жоғарыда аталған үрдіс, большевиктік тұғырнама бойынша «республиканың аграрлық саласын социалистік қайта құрудың» бірден-бір мүмкін сара жолы деп саналған ұжымдастыру тарихына қатысты жұмыстарда да барынша айқын көрініс тапты. Бұл проблеманың тарихнамасында 30-жылдардан бастап, шамамен 80-жылдардың сонына дейін «ауыл мен селоны социалистік қайта құру» тұжырымдамасын он бағалаған бірынғай тұғырнама үстемдік етті.
Айта кету керек, XX ғасырдың 20-жылдарының басындағы аграрлық секторды түбірлі өзгерістерге дайындаудың бастапқы кезеңінде әдебиеттерде республиканың ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясын анықтауға сәйкес екі көзкарас орын алды. Радикалдық бағытты жақаушылар «1925 жылға дейін қазан төнкерісінің ауылмен ісі... болмады», «Қазан дауылы ауылға соқпай, оны жанап өтті» деген оймен, көшпелі ауылды қысқа мерзім ішінде отырықшыландыру қажет деп санады. Осы себептен байларды түбірімен жоюды, көздеген мақсатқа жетудің алғышарты ретінде қарастырды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылык ауылды социалистік қайта құруға кедергі келтіреді деген тұжырымдамаға сүйене отырып, радикалды бағытты жақтаушылар тек өндіріс құралдарын (малды) қайта болу ғана кедейлердің орташаға айналуына мүмкіндік туғызады, ал отырықшылыққа көшу — өркениет жолы деп есептеді Голощекин Ф.И. Казахстан на путях социалистического переустройства. М., 1931, 191-6.; Курамысов И. За ленинскую национальную политику в Казахстане. А.-А., 1932, 55-6.