Жалтас – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы жерінде. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, ені 3 км. Ең биік жері 701 м.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Жұмырланған ұсақ шоқылардан тұрады. Жоғарғы кембрий және кембрий жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырағында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары