Жаман Қарасай – Каспий теңізі алабындағы өзен.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 55 км шамасында.
Бастауы Көлеңкелі тауының солтүстік-батыс беткейінен ағатын Ақкенттік бұлақ суының қосылуынан түзіліп, Молаорпа қыстауының батысындағы ойысты аңғарға жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы Арнасы тар, құмдақты. Қар, жаңбыр суларымен толығады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Бейнеу ауданы өзендері