Жыңғылдысор – Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігі аумағында орналасқан тұзды тұйық көл. Ақкөл аулынан оңтүстік-батысқа қарай 36 км жерде, Шығанақ көлінің оңтүстік-шығысында. Теңіз деңгейінен 105 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 5,6 км2, ұзындығы 4 км, ені 2,1 км. Жағалау бойының ұзындығы 10,8 км. Суы қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында ериді.

Жағалау сипаты Көлдің батысы сор болып келген. Жағалауында сораң өсімдіктер өседі. Суының кермектілігі жоғары. Мал суаруға жарамды.

Санат:Екібастұз көлдері