Кеңестас – Қызылтас және Қарағанды тауларының аралығындағы қыстау.
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылының солтүстігінде 19 км жерде орналасқан. Жарлы, Байқожа өзендерінің аңғарында жатыр. Солтүстігінде Сарышоқы, Тоқалбай, Қарабұлақ қыстаулары бар. Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, бетеге, жусан, бұталар өседі.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы қыстаулары Санат:Қарқаралы ауданы