Кережан – Талдықұм құмының оңтүстік-шығысындағы оқшауланған шоқы.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар қаласының солтүстік-шығысында 33 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 234 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Беткейлері жайпақ келген бірнеше шоқыдан тұрады.
Геологиялық құрылымы Шоқы беткейі элювийлі-эолды шөгінділерімен жабылған. Палеоген кезеңіндегі ортаңғы және жоғарғы олигоцен жүйесінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Құмды, қоңыр сортаң топырақ жамылғысында сұр жусан, тұран жусаны, еркек шөп, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы таулары Санат:Шоқылар