Көксеңгір – Қаратау жотасының солтүстік-батысындағы артезиан құдығы. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылының солтүстік-шығысында 67 км жерде орналасқан. Көксеңгір құдығы теңіз деңгейінен 140 м биіктікте. Солтүстігінде Қатынқұдық, Сейіт құдықтары мен Қатыншоқай құмды алқабы, шығысында Саумалкөл соры, оңтүстігінде Қызылжар құдығы, батысында Ақтау, Дәуіт таулары мен Жетімтау қонысы орналасқан. Мал суаруға пайдаланылады.

Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан құдықтары