Көкшегүлдер тұқымдасы () – қос жарнақты бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол негізінен Солтүстік Американың батысы мен оңтүстігінде, Еуразияда (көкшегүл мен флокс) кездеседі. Көкшегүлдер тұқымдасы әр түрлі геогр. ендіктерде: арктикалық тундра мен биік таулы аймақтардан ылғалы мол тропиктік ормандар мен шөлейтті жерлерге дейін таралған. Көкшегүлдер тұқымдасының дүние жүзінде 18 туысы 330 түрі бар. Қазақстанда тек 1 туысы – көкшегүл кездеседі.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Көкшегүлдер