Қайқықанат, каллипельтис () – рияндар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда таудың балшықты, тастақты және ірі қиыршықтасты беткейлерінде, кейде өзен жағалауларындағы малтатасты жерлерде өсетін 1 түрі – орама Қайқықанат (C. cucullaris) бар. Оның биіктігі 5–20 см, сабағы қарапайым немесе жоғары қарай бұтақтанған. Тамыр түбіндегі жапырақтары ерте солып қалады. Сабақ бойындағы жапырақтары төрт-төрттен бірігіп, ұзынша немесе қалақты келеді. Тостағанша жапырақшалары білінбейді, күлтелері сары түсті, төрт бөлікке бөлінген. Гүлдері қос жынысты, аталығы төртеу, өте қысқа, аналығы – біреу, олар жартылай шатырша гүлшоғырына топталған. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жеміс салады. Жемісі ұзынша, сәл орақ сияқты иілген.Қазақстан Энциклопедиясы

Санат:Рияндар

Сілтемелер