Аралтөбе – Абай облысы Үржар ауданы Сасықкөл көліндегі арал.

Сипаты Аумағы 11,2 км², ұзындығы 5 км, ені 3 км-ге жуық. Аралды төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Батысы мен оңтүстік-батыс бөлігі тік, тастақты келген. Солтүстік-шығыс жағалауында қамыс араласқан ну тоғай өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Абай облысы географиясы