Ащыкөл – Ұлытау облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі тұйық, тұзды көл.

Географиялық орны Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендері бастауларының аралығында, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 16 км2. Ұзындығы 6,6 км, енді жері 4 км. Тереңдігі 0,8 м, су көлемі 12 млн. м3. Су жиналатын алабы 117 км2. Оңтүстігі мен шығыс жағалары жарлауытты, қалған жағалары жайпақ келген. Көктемде, жазда мал суаруға пайдаланылады, күзге қарай суы кермек татып кетеді. Жағалай қамыс өскен.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы көлдері