Бала Жезді – Жезді өзенінің оң саласы.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.Ұзындығы 66 км, су жиналатын алабы 655 км2.
Бастауы Ұлытаудың оңтүстік сілемдерінен басталады да, Үлкен Жездімен қосылып, Жезді өзенін құрайды.
Гидрографикасы Аңғары (ені 30 – 40 м-дей) жазық жермен өтеді. Қар, жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Жазда тартылып, жеке қара суларға бөлініп қалады. Жайылымдарды суландыруда маңызы зор.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы