Бастұз – Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Шұға ауылынан солтүстікке қарай 14 км жерде орналасқан көл.
Гидрографикасы Аумағы 7,6 км2, теңіз деңгейінен 87,8 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 14,6 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды.
Жағалау сипаты Көлдің маңында Қарқаралы, Қарақасқа, Қойбағар, Ақтөбесор, т.б. көлдер бар. Шығыс жағалауы жарлауытты, солтүстік-батысы жазық келген. Көл жағалауында бетеге, жусан, ажырық, т.б. шөптесіндер өседі.
Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері