Батбат кесіртке () – ешкіемерлер тұқымдасындағы жұмырбасты кесірткелер туысының бір түрі.
thumb|right|200px|Батбат кесіртке Каспий теңізі мен Алакөл арасындағы шөлді аймақтарда тіршілік етеді. Қазақстанда 2 түр тармағы бар.
Денесінің ұзындығы 20 см-дей, салмағы 43 г-ға дейін, терісінің қабыршақтары ұсақ, бүртікті келеді. Басы жалпақ, жұмыр. Артқа қарай ширатылған құйрығы түбінен ұшына қарай жіңішке, ұшы қара түсті болады. Түсі тұтастай ашық сұрғылт, бауыры ақшыл түсті, алқымында қара жолағы, ал екі езуінде ұсақ шашақты үлкен терілі қатпары бар. Ізіне түсіп қуғанда денесінің екі бүйіріне ырғала қозғалып, тез арада «құмға сіңіп» кететіндіктен, «батбат кесіртке» деп аталған. Жауынан қорғанғанда не қауіп төнгенде терілі қатпары қатты керіліп, құлаққа ұқсайды, сондықтан оны «құлақты кесіртке» деп те атайды.
Наурыз – қазан айларының аралығында күндіз көзге түседі. Жылына 2 рет 2 – 4 жұмыртқа салып, көбейеді. Өрмекшілермен, өсімдік жапырақтарымен қоректенеді. Кейбір зиянды жәндіктерді жеп, пайда келтіреді.Қазақ энциклопедиясы
ТМД кеңістігінде 7 түрі белгілі. Теңбіл батбат кесіртке Түркімен Қарақұмының оңтүстігінде, ТМД фаунасы эндемигі, Өзбекстанда таралған, кентаун батбат кесіртке КСРО Қызыл кітабына енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер The Reptile Database Ресейдің омыртқалылары
Санат:Ешкіемерлер Санат:1776 жылы зерттелген жануарлар Санат:Азия сүтқоректілері