Борис Никитович Хитеев (15.6.1909, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы - 14.9.1943, Украина, Чернигов облысы Бахмач ауданы Гайворон селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, гвардия капитаны, байланысшы.
1942 жылдың қаңтарынан Орталық майдан 60-армия 18-гвардиялық атқыштар корпусы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы Мәскеу Әскери академиясы жанындағы командирлер курсын тәмамдаған. 1943 жылы 14 қыркүйекте Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін Хитеевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.10.1943). Хитеевке Мәскеу облысы Коломна қаласында бюст орнатылып, Гайворон селосының бір көшесіне есімі берілген. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:15 маусымда туғандар Санат:1909 жылы туғандар Санат:Оралда туғандар Санат:14 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Бахмач ауданында қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар