Бұрхан – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысының Панфилов ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Тышқантау жотасының оңтүстік беткейінен алып, Жаркент қаласының тұсында Өсек өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 50 км, су жиналатын алабы 255 км2. Арнасы тау арасында тар, жағасы тік жарлы болып келеді. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Суы шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы өзендері Санат:Іле су алабы