Жәдік сұлтан (жазба деректерде Джадк, Адик, Иадик, туған жылы белгісіз - 1520) — қазақ сұлтаны. Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. Мұхаммед Хайдар Дулати Жәдік сұлтанды ықпалды сұлтандардың бірі болған деп көрсетеді. Жәдік сұлтанның бауыры Қасым хан түрлі саяси, дипломатиялық жолдармен Қазақ хандығын нығайтып, территориясын кеңейтуде оның қолдауына сүйенгені байқалады. Тарихи деректерде Жәдік сұлтанның өмірі туралы мәліметтер аз кездеседі. Ол Моғолстан ханы Жүністің төртінші қызы Нигар ханымға үйленген. Жәдік сұлтанның Тоғым, Бөкей және Шығай мен Мәлік деген төрт ұлы бар, оның екеуі Қазақ хандығының хандары болған. Мұхаммед Шайбани хан 1503 жылы Ташкент қаласын басып алған кезде Жәдік сұлтан қазақ даласына қашып кетеді. Жәдік сұлтан Шығым мырза бастап барған, ноғайлармен болған шайқаста Жыландытөбе деген жерде қаза табады. Бұл 1518 жылға дейін болуы керек, өйткені Шығым мырза 1518 жылы өледі. Қадырғали Жалайырдың мәліметіне қарағанда, Жәдік сұлтанның бейіті Үргеніштегі Бақырған Ата деген жерде. Әкесі - Әз Жәнібек хан. Баласы - Шығай хан.

Әдебиет

Атыгаев. Н. А. Казахское ханство: очерки внешнеполитической истории XV—XVII веков.. — Алматы: Евразийский научно-исследовательский институт МКТУ им. Х.А. Ясави, 2023. — 225 с. — ISBN 978-601-7805-24-1. Атыгаев Н. А. Предки Ураз Мухаммед-хана в истории Казахского ханства // Золотоордынское обозрение. — 2023. — № 2. Султанов Т. И. Поднятые на белой кошме. Казахские ханы. — Астана: ТОО «Астана Даму-21», 2006. — 256 с. — ISBN 9965-9522-8-0. А. Исин. Казахское ханство и Ногайская Орда во второй половине XV - XVI в. / Жмайлова. В. И.. — Семипалатинск: Издательство «Тенгри», 2002. — 139 с. — ISBN 9965-492-29-8. Тасмагабетов И. Н. и др. История Казахстана в Русских источниках (XV—XVII) / Тауекел С. М.. — Алматы: Издательство "Дайк-Пресс", 2005. — Т. I. — С. 197. — 704 с. — ISBN 9965-699-79-8.

Санат:Қазақ сұлтандары Санат:Төрелер