Фанди Шығанағы — Атлант мұхитындағы Мэн шығанағының солтүстік бөлігі. Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан. Ұзындығы 300 км, ені 90 км, тереңдігі 208 м. Суының көтерілуі жарты тәуліктік. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы су деңгейінің ең биік көтерілуі (16 — 18 м) байқалады. Фанди шығанағында Сент-Джон порты орналасқан.
Санат:Атлант мұхиты шығанақтары