Әбікенұлы Нұрбек(1942 ж. ҚХР-сы ШУАР-ның Толы ауд.) — ғалым, аудармашы. Қытайдағы Шыңжаң университетін бітірген (1964). 1980-жылға дейін Қытай қоғамдық ғылымдар академия этнология институтының түркі тілдерін зерттеу бөлімінде қызмет істеді. Қазақ тілінің лексикологиясы, лексикографиясына қатысты зерттеулер жүргізді. Әбікенұлы қытай тілінен қазақ тіліне “Грек-рим аңыздары”, “Балықшылар кегі” романын т.б. кітаптарды аударды.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Шығармашылғы Қытайша-қазақша сөздік, Пекин, 1979 ж.; Қазақтілі тұрақты сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі, Пекин 1982.; Қазақша-қытайша сөздік, Пекин, 1989 ж; Қазақ тіліне шолу, Пекин, 1980 ж.;“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:Қазақ тілі Санат:Тұлғалар