Асқар Шауқатұлы Алтаев (30.1.1956, Алматы қаласы) – тарих ғылымының докторы (1996), профессор (2000), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (). ҚазМУ-дың тарих факультеттін (1978), қазіргі ҚазҰУ) бітірген. ҚазҰПУ-дың жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі (1999–2008) болған. 2008 жылдан тарих факультетінің деканы.
«1970–1980 жылдардағы Қазақстан өнеркәсібі жұмысшыларының әлеуметтік жағынан дамуы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми жұмысының бағыты – Қазақстан және Орталық Азия тұрғындарының тарихи демографиясы мен этномәдениетінің дамуы, әлеуметтік тарихтың актуалды мәселелері. Алтаевтың 65 ғылыми еңбегі жарық көрді.
Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы"
Санат:1956 жылы туғандар