Торрес бұғазы () — Жаңа Гвинея мен Кейп-Йорк (Австралия) түбегінің аралығында. Үнді (Арафур т.) және Тынық (Маржанды т.) мұхиттарды жалғастырады. Ұзындығы 74 км, ені 150 – 240 км, фарватеріндегі ең таяз жері 7,4 м. Кеме жүзуіне кедергі келтіретін аралдар, жартастар, су астындағы тау жоталары көп. Күшті толысу ағыстары өтеді. Бұғазды ашқан испан теңізшісі Л.Торрестің құрметіне аталған.
Санат:Үнді мұхиты бұғаздары Санат:Тынық мұхит бұғаздары Санат:Аустралия бұғаздары Санат:Папуа — Жаңа Гвинея бұғаздары