Дүзбай ЕсболовҚазақ энциклопедиясы - Социалистік Еңбек Ері (23 шілде, 1948 ж.), балықшы, шопан, жылқышы. 1893 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған.

Еңбек жолдары 1910 -1928 жылдары жалданып балық аулады. 1928 жылы Арал ауданының Ленин атыңдағы колхозында балықшы болды. 1938 жылы «Құланды» жылқы заводында әуелі шопан, кейін аға жылқышы болды. 1947 жылдан қарауындағы 55 биенің әрқайсысынан құлын алып, аман өсірді. 1964 жылы зейнетке шықты.

Наградалары Ленин ордені "Еңбек Қызыл Ту" ордені Социалистік Еңбек Ері (23 шілде, 1948 ж.) Медальдар Грамоталар

Дереккөздер

ЕСБОЛОВ ДҮЗБАЙ Ә.ТӘЖІБАЕВ атындағы ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫ

Санат:Социалистік еңбек ерлері