Евгений Порфирьевич АнтошкинҚазКСР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1971), өндіріс озаты, Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатының экскаваторшылар бригадасының бригадирі. 1932 жылы Башқұрт АКСР (қазіргі Башқұртстан), Стерлибат ауданы, Борисовка ауылында туған.

Еңбек жолдары Антошкин Е.П. жеке жоспар бойынша еңбек өнімділігін арттыру қозғалысын бастаушылардың бірі болды. 1953 жылдан КОКП мүшесі. 1970 жылы ол басқарған бригада 2 млн.800 мың м³, 1975 жылы 9 млн.47 мың т кен тиеді. 1971-1975 жылдары экскаватордың жобалық өнімділігін 66%-ке арттырды.

Жетістігі Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1975). 8-сайлауда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Наградалары Ленин ордені Октябрь революциясы ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1971) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан кеншілері