Әлемге әйгілі «Бюллер» фирмасының жабдығы негізінде жұмыс жасайтын «Белес агрокешені» ЖШС-ының астық өңдеу кешені Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Белес ауылында 2009 жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. 2012 жылы 35 мың тонна бидай тартылып, 26,5 мың тонна астық өндірілді. Бүгінде түрлі сұрыпты астық, кебек пен жарма ұнтағын өндіруде. Мұнда 100 адам тұрақты жұмыс жасаса, соның 30-ы Оралдан қатынайды, 70-і - Белес ауылының тұрғындары. Олардың арасында жас мамандары да бар. Біліктіліктеріне қарай жалақы төленеді. Ал жұмыстың бәрі компьютерлендірілген. Шикізат та жеткілікті. Компанияның арнайы бункерлерінде 15 мың тонна бидай сақталуда. Өнім негізінен Атырау мен Ақтауға жөнелтілуде.

Ұнның түрлері: 1. Жоғары сорт 2. Бірінші сорт 3. Екінші сорт 4. Мерекелік 5. Эстра 6. Кеспелік 7. Классик

Экстра – жаңа жауған қардай аппақ түсі бар, өте ұсақталған ұны әсіресе ашытылған, құмшекерлі, бисквит пен қабат-қабат қамырлы, сүт пен май қосылған тәтті тағамдарды пісіруге өте қолайлы келеді.

Кеспелік - Ыстық өнімдерді дайындауға аса ыңғайлы келетін өнім. Қамыры созылмалы, әрі тез иіні қанып, жеңіл жайылады. Пісірген кезде пішіні бұзылмай, дәмі су татып кетпейді.

Классик – ұнның қамыры жақсы көтеріліп, илеген кезде тез иіні қанып, нан пісіру ісіндегі осы бір ерекшелігімен дараланады.

Дереккөздер : «Белес Агро» ЖШС Орал қаласында нан зауытын іске қосуды көздеп отыр