Талас — Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған ауыл, бұрынғы Қостөбе ауылдық округінің орталығы. 2024 жылы таратылып, Тараз қаласы Жібек жолы ауданындағы шағын ауданға айналды.Тараз қаласына іргелес аудандардан 14 ауыл қосылады

Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан оңтүстікке қарай 8 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен25372921 3849 131,8 1460 1914 131,1 1461 1935 132,4

Тарихы Іргесі 1933 жылы қаланған. Ауыл атауы ауылдың шығысында ағып жатқан ежелгі Талас өзенінің атына байланысты қойылған. Талас пен Тараз ескі заманнан бірге аталады. "Қаратаудың құшағында қырық бұлақ бар болса, Талас өзенінің қырық сағасы бар", - деп айтады халық. Атақты Майкөт ақын Құлмамбет ақынмен айтысқанда: "Аса, Талас екі өзен, Ат бауырынан саз алған. Балдырғанын жегенде, Баланың көңілі мәз болған" деп, жер байлығын жырға қосқанын кім білмес.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданының таратылған елді мекендері