Ян Кохановский — поляк ақыны. Краков университетінде (1544), кейіннен Кенигсберг және Падуан университетінде оқыған. Кохановскийдің алғашқы шығармалары (негізінен латын тілінде) 1550 жылдары жазылған. Ол басты шығармаларын поляк тілінде жазып, Қайта өркендеу дәуіріндегі поляк әдебиетін гуманистік мазмұнмен байытты.
Шығармашылығы Кохановский «Келісім» поэмасында (1564), «Чех және Лех туралы ғажайып әңгіме» (1589) атты прозалық шығармасында, «Пайғамбарлық» (1578), «Текті ханымдардың өмірі» (1585), «Фрашки» (1-3 кыта, 1584), «Әндер» (1-2 кітап, 1586) тағы да басқа жинақтарында және «Грек елшісін қабылдамау» (1578) атты драмасында поляк халқының сол кездегі қоғамдық өміріндегі сан алуан шындықты бейнеледі.
Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1974. 5 том.
Дереккөздер
Санат:Поляк ақыны Санат:Тұлғалар