Жауторғай () - торғайлар тұқымдасының ең кішкене денелі биологиялық түрі. Топтасып ұшатын құс.
Биологиялық сипаттамасы Салмағы - 17-28 г, дене тұрқы 12,5 — 14 см.Killian Mullarney, Lars Svensson, Dan Zetterström, & Peter J. Grant, Birds of Europe, Paperback,United States,Princeton University Press,2000,363 бет, isbn=978-0-691-05054-6http://www.iucnredlist.org/. Біршама ашық реңді, аталығы мен аналығын бірінен-бірін сырттай қарап ажы- рату қиын. Өзге торғайлардан айырмашылығы - басындағы қоңыр реңнің екі жағындағы ашық ақ реңктегі дөңгелек қара түсті теңбілінің болуы. Едәуір ірі денелі үй торғайдан айтарлықтай икемді, ал дауысы әлдеқайда жоғары және сыңғырлап естіледі. Ересек торғайлар аралас жеммен қоректенеді, ал балапандары тек қана бунақденелілерді жейді.
Ұяларын ағаш қуыстарына және басқа қуыстарға орналастырады. Шымшықтарға арнап ілінген, кірер аузы едәуір үлкен, қолдан жасалған ұялау орнын пайдаланады. Бір жазда екі, тіпті үш рет балапан өргізеді. Салындыдағы 5-6 шұбар жұмыртқаларды аталығы және аналығы басады, олар балапандарын да бірлесіп қоректендіреді. Жаз соңында жауторғайлар басқа торғайларға қосылып астық егілген далаға барады да, дәнді дақылдар түсіміне айтарлықтай зиян келтіреді. Алайда бұлар-- қалада өте пайдалы құстар.
Таралуы Сусыз шөлден және биік таулардан басқа жерлерде бүкіл Қазақстанға кең таралғанhttp://www.birds.kz/. Барлық жерде жеке жұптарымен отырықшы өмір сүредіМектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Дереккөздер
Санат:Жануарлар Санат:Африка құстары Санат:Солтүстік Америка құстары Санат:Аустралия құстары