iPhone 6 және iPhone 6 Plus - Apple компаниясының сенсорлі смартфондары, iOS 8 операциялық жүйесінде жұмыс істейді, 2014 жылдың 9 қыркүйек күні ұсынып, осы айдың 21-інде сатыла бастады. iPhone 5, 5s, 5с-тің мұрагерлері. Оған бұрын шығарылған смартфондарға қарағанда: iPhone 6 дисплейі 4.7 дюймге дейін, ал iPhone 6 Plus 5.5 дюймге дейін үлкейтілді, ені 6.9 мм және 7.1 мм-ге дейін сәйкесінше азайды. Осы смартфондар өзімен iPhone-ның 8 тұқымын көрсетеді.

Тарихы Жаңа iPhone туралы аңдатпаның алдында көп мәліметтер мен жаңалықтар пайда бола бастады. 28 тамыз күні компания аңдатпаға шақыруларды жіберді.

2014 жылдың 9 қыркүйегінде Apple компаниясының басшысы Тим Кук жаңа модельдерін ұсынды. 12 қыркүйек күні алдын ала тапсырыс басталағанда, бірінші тәулікте осы аппаратқа 4 млн-ға жуық тапсырыс жасалды және сатудың алғашқы үш күнінде 10 млн-нан астам смартфондар сатылды - осылайша компания өз тарихында ең үздік нәтижелерге жетті.

Мінездемелер Ең маңызды өзгерістер дизайнде: бұрыштар дөңгелек пішінді бола бастады, аккумулятор кнопкасы бүйір жағына орналастырды(бұрын үстінде болған'').

Смартфондардың өлшемдері:iPhone 6 - 138,1×67×6,9 мм, салмағы 129 гр.; iPhone 6 Plus - 158,1×77,8×7,1 мм, салмағы 172 гр.

Екі смартфон Apple A8 микропроцессорды 1 ГБ ОЗУ LPDDR3 және М8 сопроцессорды қолданады. Камерасы 8 мегапиксель, сенсоры мен объективі жаңартылды. 1080p бейнематериалдарды(HD) түсіруге болады.

Бағдарламалық жасақтама iPhone 6-ның екі смартфондарында да - iOS 8 операциялық жүйесі орнатылған. Үлкен экранмен оңай істеу үшін «Reachability» ымы іске қосылды: Home кнопкасын екі рет басқанда, экранның үстіңгі бөлігі астыңға жилжиды.

Дереккөздер

Санат:iPhone