Жозе Пауло Безерра Масиэл Жуниор (порт. José Paulo Bezerra Maciel Junior; 1988 жылы 25 шілдедеhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/57229 Сан-Паулу қаласында туылды), Паулиньо есімімен атақты (порт. Paulinho) — бразилиялық футболшы, «Гуанчжоу Эвергранд» футбол клубы мен Бразилия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Биографиясы Поулиньо футболдық мансабын алғашында мини-футболда бастап, жергілікті Сан-Паулудың «Португеза» футол секциясында өнер көрсетті. 2006 жылы «Пан де Асуар» клубында өнер көрсете бастады. Осы жылы негізгі құрамға көшсе де, тез арада «Вильнюс» ФК жалға берілді. Литовтық клубта жақсы өнер көрсеткенімен, клубта финанс тұрғысынан мәселелер пайда бола бастады.Кейін бағын белоруссиялық «Неманда» сынап көрді, алайда клубтың басшылары ол клубқа сәйкес келмейтінің жариялады. Одан кейін «Лодзь» клубына көшіп кетті. Польша чемпионатында 17 матч өткізіп, кейін қайта «Пан де Асукарға» оралды.
2009 жылы Бразилия чемпионатының Б сериясындағы Брагантино клуына ауысып кетті. Осы клубта жүріп, оған басқа да клубтар қызықты. Оның бірі «Коринтиасе» клубы еді, 2010 жылы тап осы клубқа ауысып кетті. нобай|солға|Әлем чемпионатында, Давид Луиспен бірге Кейінірек Паулиньо команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. 2011 жылы командасына Бразилия чемпионатын жеңіп алуға көмектесті, осының арқасында оған итальяндық «Рома» мен «Интер» қызықты. Алайда Паулиньо 2012 жылы Либертадорес Кубогіне қатысу үшін клубта қалуды жөн көрді. Жозе өз мақсатына жете алды, Коринтианс алғаш рет осы турнирде финалға дейін жете алып, өздерінің басты қарсыластары «Боку Хуниорсты» жеңе алды. Сондай-ақ Паулиньоосы турнирдің барлық ойындарына қатысқан 6 ойыншының бірі атанды. Ол турнирдің топтық ойындарында гол, плей-офф стадиясында 2 гол, және 1/4 финалда жеңістік голды Васко да гама клубына соқты. Паулиньо турнирде 3 гол соқандықтан, ең үздік бомбардирлер арасына кірді. Одан көп гол тек Данило (4 гол) және Эмерсон Шейх (5 гол) соқты.
2011 жылы 15 қыркүйекте Паулиньо ағаш рет Бразилия ұлттық құрамасы үшін ойынды Рока Кубогінде Аргентинаға қарсы ойнады. Ол алаңда 88 минут жүріп, тек 89 минутта ғана ауыстырылды.
2013 жылы 2 шілде айында Паулиньо ағылшындық «Тотттенхэм Хотспур» клубына көшіп кетті. Трансфер құны 17 млн.еуро болып саналды.
Титулдары мен жетістіктері Бразилия чемпионы: 2011 Либертадорес Кубогінің иегері:2012 Рока Кбогінің иегері: 2011 Бразилия чемпионатының символдық құрамында(Күміс доп): 2011 Бразилия чемпионатының символдық құрамында(Globo и КБФ): 2011 Паулисты лигасының символдық құрамында: 2012 Конфедерация Кубогінің қола добы: 2013 Конфедерация Кубогінің символдық құрамында: 2013 Испания чемпионы (1): 2017/18 Испания кубогы (1): 2017/18
Дереккөздер
Сілтемелер soccerway.com сайтында профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Гуанчжоу Эвергранд ФК ойыншылары