Хасен Ибрашев (1916 жыл 15 желтоқсан, Казталов ауданы - 1978 жыл 27 шілде, Алматы) - ғалым, математик, профессор (1969).

Еңбек жолы 1941 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан; 1943-48 жылдары ҚазМУ-де проректор қызметін атқарған; 1948-78 жылдары ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген; 1957-71 жылдары декан. Негізгі ғылыми еңбектері шекті және шексіз жай дифференциалды теңдеулер жүйесінің теориясына және Ляпуновтың екінші тәсілін қолданғандағы олардың шешімдерінің орнықтылығын зерттеуге арналған.

Марапаттары 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Шығармасы Математикалық анализ курсы.1, 2-т., А., 1963-70.Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0

Дереккөздер

Санат:Математиктер