Қызылтас – Ақдала қонысының солтүстік-батыс бөлігіндегі аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінің оңтүстік-шығысында 47 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 649 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай доға тәрізді 5 км-ге созылған, енді жері 2 км.

Жер бедері Беткейі жонды-белесті, етегінде жақпартастар мен қойтастардың үйінділері шоғырланған. Батысында Аққұдық құдығы, оңтүстігінде Сасырлы, оңтүстік-батысында Киіктау таулары бар.

Өсімдігі Қоңыр, сортаң топырағында бетеге, селеу, көкпек, жусан, боз, бұталар өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары