Сая сан (т.ж. белгісіз - 1931 ж.ө.) Бирмадағы помещиктерге, ағылшын отаршыларына қарсы шаруалар көтерілісі (1930 – 32) басшыларының бірі. Көтеріліс 1930 жылы 22 желтоқсанда басталып, 1931 жылдың ортасында кең өріс алды. Төменгі және Жоғарғы Бирманың көптеген аймақтарын және Шан князьдығын қамтыды. Көтерілісшілер салықты жоюды, Бирманы ағылшын қанауынан азат етуді талап етті. Ағылшын әскерлері Сая сан мен оның серіктерін тұтқынға алып, дарға асты (1931 ж. нояб.), ал көтерілісті негізінен 1932 ж. басты, кейбір аудандарда партизандар күресі 1933 жылға дейін созылды. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Сая сан · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.