Дүнген музыкасы Дүнген музыкасы– дүнген халқының музыкасы.
Дүнген музыкасы бір дауысты, пентатоникалық ладқа негізделсе, одан диатоникалық ладтардың элементі байқалады. Әуен-ырғағында дыбыстар ұзындығы көбінесе жұп болады, жай синкополар да кездеседі. Дүнген музыкасының өлшемі 2/4 және 4/4. Кейде өлщем ауыспалығына байланысты үш ширектік өлшемде кездеседі. Дүнген музыкасының милодиясынан дыбыстардың қайталануы, алшақ интервалдарға секіріс байқалады.
Дүнгеннің музыкасының халық аспаптары бірнеге түрге бөлінеді. ысқылы аспаптар: михузы эрхузы сыхузы үрлемелі аспаптар: ди, ще, ішекті аспаптар: санчанцзы пиба ёнчин кучанцзы cоғып ойнайтын аспап: вазы. Дүнгендер әнді өз ана тілінің фонетикалық ерекшелігіне байланысты аса жоғары емес, біркелкі орташа дауыста айтады. «Нанчор Данфи», «Мынчжано» сияқты көне халық әндері танымал болды. Қазақ совет энцеклопедиясы Дереккөздер
Санат:Өнер