нобай|солға Сона () — Францияның шығысындағы өзен, Ронаның оң саласы. Ұзындығы - 482 км, алабының ауданы 29 950 км². Орташа су шығыны 410 м³/с. Бастауын Вьомениль атты лотариндық қаладан алады. Оңтүстік және Оңтүстік-Батысқа қарай ағады. Ронаға Лионның маңынан құяды.

Кеме жүзеді, каналдар арқылы Мозель өзенімен байланысады.

Ірі салалары: Ду (453 км), Оньон (214 км), Сей (100 км), Грона (96 км), Уша (95 км), Тиль (83 км).

Санат:Франция өзендері