Шалғындық бозторғай () — Қазақстандағы шалғындық бозторғайлар туысының екі түрінің біреуі.
Сипаттамасы Дене мөлшері орташа (35-45г), бозторғайға тән үйреншікті реңі бар, адамдардың көпшілігіне белгілі, кең тараған бозторғай түрі . Адамдар шалғындық бозторғайлардың үнін ғана нағыз бозторғайдың сайрауы деп санайды. Оған қазақ халқы «бозторғай» деп ән арнаған. Әуелеп тұрып, аспанға жоғарылай-жоғарылай ұзақ сайрап, көзге көрінбей кетеді. Сайрағаны өте әдемі- сыңғырлата үздік-үздік шырылдап, ұзақ сайрайды. Оның әуезі бірін-бірі қайталамай , тұтастығын сақтайды. Жұбымен жүрді, бір жазда екі ұяға жұмыртқалап, 2 рет балапан өргізеді. Ұясы- құрғақ шөп төселген шұңқыр жер. Балапандарды бір жарым аптаға жуық жемдеп, балапандар ұядан шығып жүрен кезде тағы бір апта қоректендіреді. Қазақстанның оңтүстігінде бұл құбылыс сәуірде байқалады.
Олар қыркүйек-қазанда Қазақстанды тастап, қыстаудан ақпан-наурызда оралады. Қыс жалы болғанда шалғындық бозторғайлардың шағын бөігі Қазақстанның нағыз оңтүстігінде жән Өзбекстанда қыстап қаладыҚұстар. Мектеп энциклопедиясы. Ковшарь А.Ф., Ковшарь В.А. ISBN 978-601-282-168-0.
Дереккөздер
Санат:Бозторғайлар Санат:Еуразия құстары