Сарыбұлақ – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 126 км, су жиналатын алабы 1949 км2.
Бастауы Бақты тауының батыс беткейінен басталып, Байтайлақ тауына жетпей Талды өзеніне құяды.
Гидрологиясы Оң жағалауы жарлы, сол жағы жайпақ. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы 0,04 м3/с. Суын шаруашылық қажетіне және мал суаруға пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы